Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

БІЛІМ БЕРУДЕГІ БУДАНДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ HYFLEX ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аңдатпа

Мақалада университеттегі гибридті оқытуды ұйымдастыруға студенттердің қанағаттану деңгейін зерттеу нәтижелері ұсынылады. Гибридті оқыту форматы жоғары мектепте білім беру үдерісінің негізгі үлгілерінің біріне тұрақты түрде айналуда. Зерттеу барысында «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының әртүрлі курстарында оқитын 326 студент сауалнамаға қатыстырылды. Талдау ең жиі кездесетін қиындықтарды анықтады: сабақ барысында интернеттің тұрақсыздығы мен кедергілер, сондай-ақ аудиториядан тыс практикалық тапсырмаларды орындаудағы қиындықтар. Демек, анықталған тосқауылдар техникалық іркілістермен қатар оқытушы мен студент арасындағы кері байланыстың жеткі-ліксіздігімен байланысты