BASTAUYSH BILIM
Журналдың негізгі тақырыптық бағыты бастауыш білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жариялау болып табылады. Басылымда бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған заманауи үрдістер, инновациялық әдістемелер мен педагогикалық тәсілдер қамтылған.
«Bastauysh bilim» журналының негізгі бөлімдері
Журналда бастауыш білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланады:
- Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі;
- Бастауыш мектеп жасындағы балаларды дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері;
- Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи технологиялар мен инновациялар;
- Инклюзивті білім беру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау;
- Бастауыш білім беру саласында педагог кадрларды даярлау;
- Бастауыш мектеп жасындағы балаларда тәрбие жұмысы және құндылық бағдарларын қалыптастыру;
- Бастауыш оқытудағы цифрландыру және заманауи білім беру ресурстары.
«Bastauysh bilim» журналының редакциялық стратегиясы
Басылымның редакциялық стратегиясы келесі ережелерге негізделген:
- Жариялау үшін материалдарды таңдау процесінде ашық ой мен объективтілік.
- Авторлармен тиімді және жедел қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
- Зияткерлік меншік құқықтары мен Академиялық этика нормаларын қатаң сақтау.
- Журналдың белгіленген шығарылым кестесін ұстану.
- Бір автордың жарияланым жиілігін күнтізбелік жылда екі рет шектеу.
