Қазіргі педагогикалық білім беру жүйесі білім экономикасына көшу және инновациялық тәсілдердің белсенді енгізілуіне байланысты терең өзгерістерді бастан кешуде. Осындай жағдайда болашақ мұғалімдерді даярлаудағы негізгі бағыттардың бірі – кәсіпкерлік құзыреттіліктерді қалыптастыру. Бұл құзыреттерге бастамашылдық, креативтілік, белгісіздік жағдайында жұмыс істей алу, жобалық ойлау және көшбасшылық қасиеттер жатады. Аталған құзыреттерді дамытуда тиімді құралдардың бірі – шынайы педагогикалық және басқарушылық жағдаяттарды модельдеуге мүмкіндік беретін кейс-әдіс. Мақаланың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіпкерлік құзыреттіліктерін дамыту құралы ретінде кейс-әдістің әлеуетін талдау. Зерттеу әдіснамасы ғылыми әдебиеттерді (Scopus, WoS, Google Scholar) талдауға, эмпирикалық деректерге және Smart Coach моделіндегі тәжірибеге негізделген. Жұмыста кейс-әдістің іске асырылу кезеңдері қарастырылып, педагогикалық кейстердің үлгілері берілген, педагогикалық мамандық студенттерімен жүргізілген апробация нәтижелері талданған.Зерттеу нәтижелері кейс-әдісті қолдану студенттердің мотивациясын арттыратынын, көшбасшылық қасиеттерін, бастамашылдығын және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау қабілетін дамытатынын көрсетті. Халықаралық тәжірибені бейімдеу және қазақстандық контексте қолдану ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінген.
КЕЙС-ӘДІС: БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
6
6
Аңдатпа
Тіл
Ағылшын
Дәйексөзді қалай келтіруге болады

