Бұл зерттеуде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық сауаттылық деңгейі мен киберқауіпсіздік дағдыларының қалыптасу деңгейі және олардың өзара байланысы эмпирикалық түрде талданды. Зерттеу Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «6В01303 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында оқитын 1–4 курс студенттері арасында жүргізілді. Сауалнама әдісімен жиналған деректер JASP 0.95.2 статистикалық бағдарламасында өңделді. Цифрлық сауаттылықты бағалауға арналған 10 тұжырым мен киберқауіпсіздікке қатысты 25 тұжырымнан тұратын Лайкерт шкаласы пайдаланылды. Нәтижелер студенттердің цифрлық сауаттылық деңгейі ортадан жоғары (M = 32.10), ал киберқауіпсіздік дағдылары біркелкі емес деңгейде (M = 104.0) екенін көрсетті. Pearson корреляциясы екі айнымалы арасында өте күшті оң байланысты анықтады (r = 0.915, p < .001). Бұл нәтиже студенттердің цифрлық сауаттылығы артқан сайын олардың киберқауіпсіздік дағдылары да жоғарылайтынын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері халықаралық әдебиеттермен үйлеседі және бастауыш білім беру саласында цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын дәлелдейді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді даярлау барысында «Цифрлық сауаттылық және киберқауіпсіздік» пәнін енгізу, тәжірибелік жаттығулар мен интерактивті оқыту әдістерін қолдану ұсынылады. Зерттеудің шектеулері ретінде іріктеменің шағындығы мен бір өңірмен шектелуі аталып өтті. Болашақта кең ауқымды зерттеулер жүргізу қажеттігі де анықталды.
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСІНДЕГІ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
11
5
Аңдатпа
Тіл
Ағылшын
Кілт сөздер
цифрлық сауаттылық
киберқауіпсіздік
бастауыш білім беру
болашақ бастауыш сынып мұғалімдері
эмпирикалық зерттеу
қауіпсіздік мәдениеті
Дәйексөзді қалай келтіруге болады

