Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Аңдатпа

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті мазмұн, құрылым және педагогикалық шарттар ғылыми тұрғыда негізделген. Ақпарат-тық технологиялардың жедел дамуы білім беру жүйесіне айтарлықтай әсер етіп, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту мен оларды цифрлық ортада тиімді әрекет етуге үйрету өзекті міндетке айналды. Зерттеудің негізгі мақсаты – бастауыш мектеп деңгейінде цифрлық құзырет-тіліктің құрылымдық компоненттерін нақтылау және оны қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге салыстыр-малы талдау жүргізіліп, бақылау және тәжірибелік топтардың қатысуымен эксперименттік жұмыс жүзеге асырылды. Автор цифрлық құзыреттіліктің негізгі құрамдас бөліктерін айқын-дайды: ақпараттық, коммуникативтік, техникалық және этикалық-құқықтық сауаттылық. Финляндия, Эстония, Сингапур және Оңтүстік Корея секілді елдердің тәжірибесіне сүйене оты-рып, цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған халықаралық үлгілер мен тәсілдер қарасты-рылған. Зерттеу нәтижелері бойынша цифрлық құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін бірқатар педагогикалық шарттар айқындалды: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жүйелі пайдалану, пәнаралық ықпалдастық, жас ерекшелігіне сай тапсырмаларды бейімдеу, сондай-ақ цифрлық этика мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Тиімді құралдардың қатарында ойын технологиялары, STEM/STEAM элементтері және цифрлық портфолио әдістері ұсынылады. Алынған деректер аталған тәсілдердің тиімділігін дәлелдеп, нәтижелерді білім беру бағдарла-маларын жетілдіруде және мұғалімдерді даярлау тәжірибесінде пайдалануға мүмкіндік береді.