Заманауи өндірісті жаңғырту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) адам өмірінің барлық салаларына енуі және цифрландырудың жүзеге асырылуы мектептегі білім беру сапасына, оның ішінде бастауыш сынып педагогтерінің оқушыларға білім беру сапасын арттыруға қойылатын талаптарды айқындайды. Мақалада біз бастауыш сынып мұғалімдерінің әсіресе әдістемелік және алгоритмдік сауаттылығының сапасын жетілдіруге тоқталамыз. Мұнда «Әліппе», «Қазақ тілі» және «Математика» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламасындағы білім мазмұнын жүзеге асыруда алгоритмдерді қолдана отырып, мұғалімдердің әдістемелік те, алгоритмдік те сауаттылығын жетілдірудің мүмкіндіктері қарастырылады. «Әдістемелік-алгоритмдік сауаттылық» түсінігінің мәні ашылады. Оқу бағдарламасының әр бөлімі бойынша мұғалімдерінің сауаттылық деңгейі анықталып, оны жетілдірудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері жан-жақты талданады. Қазақстанның қалалық мектептерінің 141 бастауыш сынып мұғалімдерінен сауалнама және тест тапсырмалары алынып, нәтижесі өңделіп, оқыту экспериментінің рөлі сараланады.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АЛГОРИТМДІК САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУБАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АЛГОРИТМДІК САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Аңдатпа
Тіл
Қазақша
Кілт сөздер
алгоритм
сауаттылық
алгоритмдік сауаттылық
әдістемелік сауаттылық
әдістемелік-алгоритмдік сауаттылық
Дәйексөзді қалай келтіруге болады

